4-сыныпта Ана тілі пәні бойынша өткізілген сабақтар


Краткая информация:

Ана тілі
4-сынып

Сабақтың тақырыбы: ЕР ТАРҒЫН

Сабақтың мақсаты:
1. Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.
2. Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.
3. Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.
4. Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1. Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
2. Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.
Сабақта күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
2. Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
1. Ой қозғау.
2. Галереяны аралау.
3. Түртіп алу жүйесі.
4. Топпен жұмыс.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.
3-сыныпта Ана тілі пәні бойынша өткізілген сабақтар


Краткая информация:

Ана тілі
3-сынып

Сабақтың тақырыбы: ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР (ел аузынан).

Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету.
2. Өтілген сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету.
2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жаңаша топқа бөлуден бастаймын. Қабырғаға ара, құмырсқа, көбелектің суреттерін ілемін. Сосын сол суреттегі бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап, жақсы көретін насекомдардың жанына келіп тұруын өтінемін. Оларды үш топқа бөліп, сұрақ қоямын? Неге бұл насекомды таңдадың? Ол несімен ұнайды?
2-сыныпта Ана тілі пәні бойынша өткізілген сабақтар


Краткая информация:

Ана тілі
2-сынып

Сабақтың тақырыбы: БАЛА АБАЙ.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру.
2. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиетерге тәрбилеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері.
Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша әр түрлі кітаптар, сюжетті таблицалар, Абай туралы карточкалар, ватман қағаз, суреттер т.б. заттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: Ғ.Қайырбековтің “Алғашқы қоңырау” өлеңін мәнерлеп оқу және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ-жауап алынады. Ы.Алтынсарин туралы т.б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.
Ұлттың ортақ ұраны


Краткая информация:

ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК,
ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ¬стан¬дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ¬станның білім және ғылым қызметкер¬лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отан¬шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру¬дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында¬рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал¬қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім¬нің аса маңызды, аса жауап¬ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем¬лекетінің егемен ел болып қалыпта¬сып, дербес мемлекет болуы және өркен¬деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на¬ным сенімдер¬мен тығыз байла¬ныс¬ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.
Ұлттық идея - халық мұраты


Краткая информация:

1. Мәселенiң мәнi
Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр.
ХХ ғасыр этностарды мидай араластырып жiбердi. Отарлаудың зорлық-зомбылығынан жоғалып кеткен ұлттар аз емес. Бiр ғана КСРО-ның өзiнде 1926-1939 жылдар iшiнде 194 ұлттан 100-ге жетпейтiн ұлт қалған екен. Осылайша ұлттану өзектi мәселеге айналды. Талай-талай ойдодалары өттi, том-том кiтаптар жарық көрдi. Ғалымдардың, саясаткерлердiң, саяхатшылардың үздiксiз iзденiсi зая кетпедi. қоғамдық санаға адамдардың ұлтқа жiктелетiнi аса зор құндылық ретiнде орнықты. Бүгiнде ұлтқа берiлген анықтама ондап, жүздеп саналады. Бiздiң ойымызша, ұлт дегенiмiз – өзiнiң қазақ (орыс, немiс, жапон...) екенiн тарих тереңiнен бастау алған төл санасымен ұғатын және басқалардан тiлдiк, рухани, геосаяси, т.б. өзгешелiгiн айыра алатын адамдардың үлкен қауымдастығы.
Туған елім - Қазақстан


Краткая информация:

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Патриоттық әндердің жинағы


Краткая информация:

В данном сборнике напечатаны тексты патриотических песен казахских, русских поэтов и композиторов. Многие были исполнены на первом Республиканском фестивале-конкурсе патриотической песни, который проводил РУМЦДО 24-27сентября 2007 года в г. Алматы.
Предлагаемый сборник адресован методистам, педагогам дополнительного образования, педагогам – организаторам, учителям.
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған


Краткая информация:

ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЗАТТЫҒЫ АҒА ҰРПАҚТЫҢ АРМАНЫ БОЛҒАН

А.Т. Рахымбаева
М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебі, Тараз қ.

Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз » сертім нық.

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.
Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы- Тұмар падишаның ерлік істері.
Менің Отаным - Қазақстан


Краткая информация:

Менің Отаным Қазақстан.

Ведущий 1: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған, кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Қайырлы күн, кұрметтi достар!
Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.
Гиорды бұзған, мен де бiр аз арыстан

Ведущий 2: Добрый день, уважаемые учителя и ученики!
Сегодня мы собрались в наш прекрасный зал
Отметить праздник светлый
Страны великой нашей Казахстан!

Звучит гимн РК
Одновременно показ слайдов (президент, текст гимна)
Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы


Краткая информация:

Мен туған елімді сүйемін!

(Әдеби қойылым)

Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес бұрын төменгі сынып оқушылары үшін кітапханада хабарландыру ілінеді. Оқырмандар арасында туған ел, жер, Отан, туралы оқыған кітаптары бойынша сурет салу сайысы жарияланады. Шара өткізілетін күні осы сайыстың қорытындысы шығарылады.
Безендірілуі : Қазақстанның жалауы, елтаңбасы, қазақ халқының ұлттық оюымен өрнектелген Отан, туған ел жайлы мақал- мәтелдер, даналық сөздер жазылып ілінеді.
Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Үлкен плакатқа 6 дөңгелектен құралған үлкен шеңбер сызылады, әр дөңгелектің ішінде әр бекет (станция) аты жазылады: Тарих, Салт-дәстүр, Тау мен дала, Табиғат, Ән мен күй, Әдебиет
Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың...», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.
Керекті құралдар: Үлкен сандық және 1ден 6 санына дейін нөмірленген кішкене сандықшалар, бекеттің аттары, командаларға арналған сұрақтар салынған конверт, тақтайша, көрермендерге арналған тапсырмалар, қалам, қағаз.
Разделы сайта
Календарь обновлений
«    Май 2012    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 
Архив новостей
Популярные новости
Наш опрос
Нравится ли вам наш сайт?
Да
Нет
Пойдет
Наши друзья